С.Садуақасов атындағы Ұялы орта мектебінде 1-қыркүйек білім күніне орай өткізілген салтанатты жиын өтті
2.09.17 ж Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ұялы ауылындағы С.Садуақасов атындағы Ұялы орта мектебінде «Сәлем, саған мектебім!!!» атты салтанатты жиын өтті. Жанымызды жадыратқан алтын күздің бірінші айында оқушылар «Білім күн» мерекесіне Ұялы орта мектебіне жиналды. Білім күніне арналған салтанатты мерекеге мектеп ұжымы, ата-аналар, 1-11 сынып оқушылары және аудандық «Аудандық спорт бөлімінің » басшысы Мусипов Жанболат Ешкенович пен Ұялы ауылдық округінің әкімі Карыбаев Ғадылжан Шайкенович қатысты.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 2-қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алды. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Қ.Т. Сагинова, Аудандық спорт бөлімінің » басшысы Мусипов Жанболат Ешкенович «және Ұялы ауылдық округінің әкімі Карыбаев Ғадылжан Шайкенович мектеп оқушыларын бүгінгі мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.Биылғы жылғы 1- сынып оқушыларына елбасының сыйлығы табыс етілді. Салтанатты жиын әрі қарай 1- сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Мереке соңында салтанатты жиынға жиналған барша ауыл тұрғындары көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Салтанатты жиын аяқталған соң әрбір сынып оқушыларына «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында патриоттық тәрбиелеу мақсатында бірнеше видео-роликтер және слайдтар көрсетіліп, түрлі түсті көрнекіліктер қолданылды. 10-11 жоғарғы сынып оқушыларына «Болашаққа бағдар рухани жаңғырту» видео-ролигі көрсетіліп, оқушылармен ой-бөлісу жүргізілді.
Дайындаған:
ТІО: Мухаметжанова Г.М